379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Таиландтан келген туристерден Денге безгегі анықталды

  • 273
  • UPD: 10:06, 27.03.2019
Алматыда Таиландтан келген туристерден Денге безгегі анықталды ИА Regnum

Алматыда жыл басынан бері төрт адам Денге безгегін жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Геморрагиялық безгектер (оның ішінде Денге безгегі) - өткір вирустық инфекциялық ауру. Оның белгілері - буындардың ауыруы, қалтырау, денедегі бөртпелер, лимфобездердің шошынуы, тромбогеморрагиялық асқыну болуы мүмкін.

Қоздырғыштарды науқас адамдар, маймылдар, жарқанаттар, масалар таратуы мүмкін.

Бұл ауру жылы климат аймақтарында Азияның Оңтүстігінде, Океания, Африка, Америка, Кариб бассейні елдерінде таралған.

Мамандар бұл ауруды жұқтырмас үшін масалардың шағуынан қорғайтын арнайы крем жағып жүруге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы