27 наурызда сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тікұшақтың апатқа ұшырауының себебі белгісіз. Ол толықтай өртеніп кеткен.
Бортта 13 адам болған. Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар бар. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.
Әуе кемесі ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне тиесілі болған.