379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ құлаған жерден төрт әскеридің мәйіті табылды

  • 185
  • UPD: 12:08, 28.03.2019

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына тікұшақ құлауы оқиғасына қатысты соңғы дерек келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тікұшақ құлаған жерден төрт әскеридің мәйіті табылған. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.

Нұржамал Тұрсынбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

- Кеше кешкісін жедел жәрдем орталығына түскен шақыртуға байланысты біздің облыс орталығынан бір бригада, Жалағаш ауданынан 3 бригада оқиға орнына барды. Оқиға орнында кешке дейін қараңғы түскенше 3 мәйітті тапты. Және түнімен сол 3 бригада оқиға орында қалды. Енді бүгін таңертең сағат 6-дан бастап екі бригада сол жерде тұр. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Түнде бір мәйітті тапты. Яғни барлығы 4 мәйіт табылды. Олар мәйітханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы