379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

  • 132
  • UPD: 11:59, 28.03.2019
Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды diapazon.kz

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты. Көлік жүргізушісі көз жұмды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«28 наурыз күні сағат 06:00-де «Ақтөбе - Орынбор» тасжолындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Нива Шевроле» автокөлігі тепловозбен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты соталды тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

 

Хабар 24 телеарнасы