379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ордабасы ауданында ірі жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды

  • 140
  • UPD: 15:05, 28.03.2019
Ордабасы ауданында ірі жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.

«Ниссан» шағын автобусы мен «Ваз» көлігі соқтығысып қалған. Аудандық ПБ тәртіп сақшыларының мәліметінше, шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысады.

Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы