377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

  • 162
  • UPD: 19:48, 28.03.2019

Қызылордада болған әскери тікұшақ апатына байланысты тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

- Қандай да бір деректер бар ма?

Нұрлан Жақыпбекұлы, тілші:

- Түстен кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тікұшақ құлаған жерге келіп, жағдаймен танысты, іздестіру жұмыстарының нəтижесін бағамдады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қайғылы оқиғаның өзектілігіне орай, қылмыстық іс Бас әскери прокуратурасы арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды. ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Ал қазір апат орнында іздестіру жұмыстары аяқталуға жақындаған сыңайлы. Өйткені оқиға орнындағы адам мен көлік нөпірі айтарлықтай сиреді. Қазір тек əуе көлігінің қалдықтарын жинап жатқандарды ғана байқап тұрмыз. Алдын ала мəліметтер бойынша қаза болған 13 адамның мəйіті табылған.

Хабар 24 телеарнасы