379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында барымташылар ұсталды

  • 169
  • UPD: 15:16, 29.03.2019

Жамбыл ауданының тұрғыны 3 келі 400 грамм гашишпен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Әулиеата жерінде сексеуіл ағашын отау, ал Түркістан облысының Ордабасы ауданында мал ұрлығы тыйылмай тұр.

Есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында Шу ауданының тұрғыны есірткімен ұсталды. Полицейлер түскен жедел ақпар бойынша іздестіру шараларын жүргізіп, 45 жастағы азаматтың үйін тексерген. Тінту кезінде оның баспанасынан 3 келі 400 грамм гашиш табылды. Ол тәртіп сақшыларына «есірткіні өзім тұтыну үшін сақтадым» деп түсінік берген. Ал полицейлер сату үшін сақтауы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 269 қылмыс тіркеліп, 400 келіге жуық есірткі заттары тәркіленген. Оның 4 келіден астамы героин.

Барымташылар ұсталды

Түркістан облысының Ордабасы ауданында барымташылар тобы ұсталды. Күдіктілердің бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Олар өткен жылдың күзінен аудандағы бірнеше елді мекен тұрғындарының мазасын қашырған. Тәртіп сақшылары барымташылардың 15 фактіге қатысы бар екенін дәлелдеп отыр. Келтірілген залал көлемі 2 млн теңгеден асады.

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозға соғылды

Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, көлік жүргізушісі көз жұмды. Ал оның жанындағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға Ақтөбе – Орынбор тас жолындағы теміржол өткелінде болған. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сексеуіл тасымалдағандар қолға түсті 

Жамбылдық полицейлер қызыл кітапқа енген өсімдікті тасымалдағандарды қолға түсірді. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, ұсталғандардың екеуі де Мойынқұм ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шарасы кезінде Меркі – Шу – Бурылбайтал тасжолында екі жүк көлігін тоқтатып, тексерген. Тінту кезінде қос көлікте 18 қаптай сексеуіл ағашы бар екені анықталды. Қазақстанда құм тоқтатуға бағытталған ағаштың бұл түрін шабуға қатаң тыйым салынған. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі биологиялық сараптама тағайындалды. Егер қорытынды заңға қайшы шықса, көлік жүргізушілерінің үстерінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы