389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үш жасар баланы ит талап өлтірді

  • 530
  • UPD: 15:55, 29.03.2019
Алматыда үш жасар баланы ит талап өлтірді Liter.kz

Алматыда үш жасар баланы ит талап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл оқиға Құрылысшы ықшамауданында болған. Бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Ол көптеген жарақат алған - ит баланың басын, денесін және аяқ-қолын талап тастаған.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қараша айында Талдықорғанда 7 жастағы баланы питбуль тұқымды екі ит талап өлтірген болатын. Бұл жантүршігерлік оқиға Мерекелік саяжай аумағында болған. Төбелестіруге арналған асылтұқымды иттер көшеден өтіп бара жатқан балаға тұтқиылдан тап берген.

Хабар 24 телеарнасы