378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Өзенмұнайгаз» компаниясының өндірістік аумағынан өрт шықты

  • 213
«Өзенмұнайгаз» компаниясының өндірістік аумағынан өрт шықты

Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» компаниясының өндірістік аумағынан өрт шықты.

Құбыр желісінің жапқышын орнатып жатқан кезде от тұтанып, сондағы метал өңдейтін арнайы техника өртенген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, көліктің 70 проценті жанып кеткен. Техника өртенген уақытта ішінде ешкім болмаған. Қызыл жалын 10 шаршы метр жерді шарпыды. Бас-аяғы жарты сағат ішінде ол толық ауыздықталған. Бүлінген аумақ қалпына келтірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы