384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда полицей әйелді байқаусызда аяғынан атып алды

  • 669
  • UPD: 22:10, 29.03.2019
Атырауда полицей әйелді байқаусызда аяғынан атып алды 24tv.ua

Атырау қаласының халықаралық әуежайында жеке тексеру бөлмесінде әуежайдағы желілік полиция бөлімінің патрульдық-посттық қызметінің қызметкері қаруды абайсыз қолдану кезінде қару өздігінен атылып кетті.

Оқиға сағат 17.40-та полицей банктердің бірінің инкассация қызметінің қызметтік қаруын тексеру кезінде орын алған.

Абайсызда атылған оқ салдарынан аяғынан жарақат алған 38 жастағы Атырау қаласының тұрғыны медициналық мекемеге жеткізілген. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы