379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік апатынан ер адам қаза тауып, 5 бала зардап шекті

  • 90
  • UPD: 22:27, 01.04.2019
Алматыда көлік апатынан ер адам қаза тауып, 5 бала зардап шекті tengrinews.kz

Алматыда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті.

Қайғылы оқиға Алғабас ықшам ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Минивен көлігі Проектируемый көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып, аударылып кеткен. Оқиға салдарынан тізгінші қаза тапты. Ауруханаға түскен екі ересек адам мен төрт баланың жарақаты таңылып, үйлеріне қайтарылған. Ал оқыс оқиғадан бас миы шайқалған тағы бір бүлдіршін әзірге дәрігерлердің бақылауында. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы