388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК: Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ өкілдері 10 жылға сотталды

  • 455
  • UPD: 12:09, 02.04.2019
ҚР ҰҚК: Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ өкілдері 10 жылға сотталды knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті оңтүстік өңірлерден Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау кезінде каннабистік есірткі арнасының жолын кесті.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар құрамына ҚР азаматтары А.Құттыбаев және П.Бадкенов кірген есірткі тобының заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті», - делінген хабарламада.

2018 жылғы 20 шілдеде ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті А.Құттыбаев пен П.Бадкеновті ұстап, олардың «қойма» ретінде қолданып жүрген пәтерлерінің бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында 139 кг марихуана және 5 кг гашиш тауып, тәркіледі.

2019 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. А.Құттыбаев пен П.Бадкенов қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы