389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды

  • 356
  • UPD: 12:52, 03.04.2019
ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің тұрғындары балыққа шығып, өздігінен қайтып келе алмаған.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқиға 2 сәуірде Аманат ауылына жақын маңда Зайсан көлінің жағалауында болған.

«Бес адам балыққа шыққан. Олар жағадан шамамен алты шақырымдай ұзаған уақытта, қайықтарына су кіре бастаған. Үш балықшы қайтып кеткен, ал екеуіне құтқарушылардың көмегі қажет болды», - деді төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Құтқарушылар қайықпен екі адамды эвакуациялаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы