389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жаяу жүргінші екі рет көлік астында түсіп, мерт болды

  • 389
  • UPD: 11:24, 04.04.2019
ШҚО-да жаяу жүргінші екі рет көлік астында түсіп, мерт болды tengrinews.kz

Өскеменде жаяу жүргінші екі рет көлік астында қалып, қайтыс болды.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға 2 сәуірде кешкі 20:30-да Глубокое ауданында болған.

«Ravon R4 маркалы автокөліктің 52 жастағы жүргізушісі Согра ауылына барар жолда рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - деді Өскемен полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

Соққы салдарынан жаяу жүргінші жолдың арғы бетіне ұшып кеткен. Осы кезде онда Nissan автокөлігі кетіп бара жатқан. Өкінішке қарай, шетелдік автокөліктің жүргізушісі көлікті тоқтатып үлгермей, адамды қағып кеткен.

«Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы