379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті

  • 131
  • UPD: 13:51, 04.04.2019

Павлодарда республикалық маңыздағы тас жолды су шайып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір апат болған жерге 13 маман мен 8 техника жұмылдырылып, жолды жөндеуге кірісті. Кешке дейін ол қалыпқа келтіріледі. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жалпы республика бойынша су тасу қаупі толықтай бақылауда.

Айта кету керек, биыл елімізде 6 үйді су басқан. Былтыр дәл осы уақытта 1600 үй су астында қалған болатын.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Республика бойынша жағдай тұрақты. Десе де, қауіп толық сейілген жоқ. Олар Қостанай облысындағы үш аудан. Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжайық, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандарында және Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала, Бәйтерек, Зеленов аудандары және Орал қаласына да қарғын су кіруі мүмкін. Шығыс Қазақстанда да бірқатар аудан бар. Біз барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ «Қазгидромет» алдағы күндері күн жауынды болатынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы