379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда полициясы ломбард тонаған күдіктіні іздестіруде

  • 199
  • UPD: 15:57, 04.04.2019
Елорда полициясы ломбард тонаған күдіктіні іздестіруде mvd.gov.kz

Елорда полициясы қаладағы ломбардтардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, 3 сәуір күні полицияға белгісіз адам хабарласып, түскі ас уақытында Гете көшесінің бойындағы ломбардқа кіріп, қызметкерін қаруға ұқсас затпен қорқыту арқылы ақша беруін талап еткендігін хабарлаған. Ол ақшаны алғаннан кейін қылмыс орнынан кетіп қалған.

«Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Күдікті 25-27 жастағы жігіт, бойы 175-177 см, қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік таққан, ақшыл-жасыл түсті медициналық бетпердемен тұмшаланған, қара түсті күртеше, көк түсті спорттық шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовка киген», - деді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы