378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзен қалалық сотының судьясы парамен ұсталды

  • 168
  • UPD: 07:39, 05.04.2019

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы парамен ұсталды.

Ол жер мәселесіне қатысты істі оң шешу үшін әкімдікке қарасты жер қатынастары бөлімінің қызметкерінен 500 мың теңге алған. Бұл қылмысты айғақтайтын бейнетүсірілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әлеуметтік желідегі ресми каналында жарияланды. Жемқорлық дерегі ұлттық бюро мен Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасы нәтижесінде анықталды. 40 жастағы судья параны жолдасы арқылы алған. Жедел түсірілімде ол анық көрініп тұр. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысты жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы