377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Toyota полиция экопостына соғылды

  • 180
  • UPD: 11:13, 05.04.2019
Алматыда Toyota полиция экопостына соғылды Царьград

Алматыда Toyota Carina көлігі полиция экопостын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға кеше түнде болған.

«Алматы әуежайына баратын Бұқтырма көшесінде экологиялық посттың тұғырына Тойота Карина Е көлігі соғылған. 34 жастағы жүргізуші көлік рөлінен айрылып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының мамандары анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы