388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде мас адам жасөспірімді винтовкамен атып жаралады

  • 433
  • UPD: 16:43, 05.04.2019
Өскеменде мас адам жасөспірімді винтовкамен атып жаралады Кубань 24

Өскеменде мас ер адам пневматикалық винтовкамен 13 жастағы баланы атып жіберді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 сәуір күні 18:36-да «102» телефонына 35 жастағы әйел хабарласып, 18:00 шамасында үйдің ауласында жүрген белгісіз біреулер бұзақылық жасап, беймәлім қарумен 13 жастағы баласын аяғынан атқанын айтқан.

Анықталғандай, бала сыныптастарымен бірге үйдің ауласында ойнап жүрген. Бір кезде тарс еткен дыбысты естіп, сол аяқ табанының қақсағанын сезеді. Бірақ балалар оқтың қайдан атылғанын білмей қалған. Ол кезде аулада олардан басқа ешкім болмаған.

Өскемен қаласы полиция басқармасы басшысының тапсырмасымен ауданда тінту жүргізілді.

Жедел шаралардың арқасында полицейлер өз пәтерінде отырған 68 жастағы қала тұрғыны мас күйінде ішкі істер органдарында тіркелмеген пневматикалық винтовкадан оқ атқанын анықтады.

Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Хабар 24 телеарнасы