376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Сергеев су қоймасы тасып төгілді

  • 111
  • UPD: 12:28, 08.04.2019
СҚО-да Сергеев су қоймасы тасып төгілді

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасы тасып, Есіл өзеніне төгілді.

Бүгінгі таңда бөгет үстімен ағып жатқан судың деңгейі 1 метр 25 сантиметр. Мамандардың айтуынша, ол бүгін-ертең тағы да көтерілуі мүмкін екен. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Қазір аймақта көктемгі тасқынның бірінші толқыны өтіп жатыр. Бірақ күн қанша жылынса да, Есіл өзенінің көбесі сөгілген жоқ. Синоптиктердің сөзіне сенсек, оған Ақмола облысынан келетін ағын сулар қосылады.

Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:

- Біз көктемгі тасқынның екінші толқынын күтіп отырмыз. Ол Ақмола облысындағы Жабай және Қалқұтан өзендерінің тасуына байланысты. Ағын су Петропавлға сәуірдің 20-ына қарай жетеді.

Хабар 24 телеарнасы