387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйда құс фабрикасындағы өрттен 5 мыңдай балапан қырылып қалды

  • 584
  • UPD: 15:21, 08.04.2019
Рудныйда құс фабрикасындағы өрттен 5 мыңдай балапан қырылып қалды iz.ru

Өрт Рудныйдағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасында тіркелді.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан бөлек тұрған ғимараттың 110 шаршы метр аумағы отқа оранды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Оқыс оқиға салдарынан базадағы 5126 бас құс жанып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамдағы 32 адам мен 6 техника жұмылдырылып, екі сағат аралығында толық сөндірілді.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы