377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында құс фабрикасы өртенді

  • 131
  • UPD: 20:27, 08.04.2019

Рудный қаласындағы құс фабрикасында болған өрттен 5 мыңдай құс қырылды.

Тілсіз жау былтыр салынған құс өсіретін ғимаратта тұтанған. Салдарынан электр қалқаны, құс тезегін тазалайтын құрылғы және нысанның төбесі отқа оранды. Болжам бойынша өртке электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп. Құрбан болған, зардап шеккен адамдар жоқ. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамдағы 32 құтқарушы мен 6 техника жұмылдырылды. Олар отты екі сағат ішінде толық сөндірді.

Талғат Кәкімов, облыстық ТЖД басшысы:

- Өрттің жалпы көлемі 110 шаршы метр болды. Рудный қаласынан 3 өрт сөндіру көлігі шықты. Қостанайдан тағы 2 көлікті өртті сөндіру үшін жібердік. Әрі қарай материалдық шығын қанша болатынын бізге үш күн арасында беріледі.

Хабар 24 телеарнасы