379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі көп қабатты үйден өрт шықты

  • 325
  • UPD: 09:06, 12.04.2019
Ақтөбедегі көп қабатты үйден өрт шықты

Ақтөбеде қаланың қақ ортасындағы Әбілхайыр хан даңғылы бойында орналасқан 9 қабатты үйден өрт шықты. Оқыс оқиға бүгін түс мезгілінде болды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға орнына арнайы техника мен өрт сөндірушілер дер кезінде жеткен.

Жетінші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шығып, көрші пәтердің терезе жақтауына өршіген. Өрт сөндірушілер 50 адам, оның ішінде 20 баланы қауіпсіз жерге көшірді.

Тілсіз жау 14:40-та тоқтатылып, 14:42-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 29 адам мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды.

Айта кетейік, соңғы жарты жылда бұл үйде екінші рет ірі өрт болды.

 

Хабар 24 телеарнасы