379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының бір бөлігін қою түтін басты

  • 197
  • UPD: 20:22, 12.04.2019
Павлодар облысының бір бөлігін қою түтін басты

Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ шөп жанып, Павлодар қаласының бір бөлігі қою түтіннің астында қалды.

Кенжекөл ауылының маңында да өрт болған. Қазіргі уақытта Ертістің жайылымдық жерлерінің 140 гектарын қызыл жалын шарпыған. Ақсу қаласы мен Шарбақты және Ақтоғай аудандарының аумағында да 80 гектардай алқап өртке оранды. Тұрғындар тарапынан төтенше жағдайлар қызметі департаментіне 15 хабарлама түсті. Далаға қасақана отқойғандар да бар. Бұл дерек бойынша тексеріс басталды.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- 101 номеріне Ертіс жағалауында Кенжекөл, Байдала ауылдарының арасында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Жалпы көлемі 21 гектарын құрады, өрт орнында 24 өрт сөндіру қызметтерін жасап жатыр және 90 адам тұрғындар өртті өшіріп жатыр. Және ерікті өрт сөндірушілер 20 адам.

Хабар 24 телеарнасы