379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды

  • 263
Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды Tengrinews.kz

Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті қаланың әкімдік өкілдері растады. – Өкінішке қарай ұзаққа созылған аурудан Алмас Аманқолұлы 44 жасында қайтыс болды, - деді қаланың әкімдік қызметкері. Алмас Аманқолұлы Оңдақанов, 1974 жылы 30 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басқару», 1999 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді. Осыған дейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысы болған.

Хабар 24 телеарнасы