377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда браконьерлерден 9 тонна балық тәркіленді

  • 305
  • UPD: 12:28, 16.04.2019

Атырауда браконьерлерден тоғыз тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысында «Бекіре-2019» балық қорғау шарасы жүргізіліп жатыр. Бүгінде Жайық және Қиғаш өзендері мен Каспий теңізіне шығар жолға 16 тексеру бекеті орнатылды. Балық қорғау шарасына шекарашылар да жұмылдырылған. Алайда браконьерлер де қылмыстық іс әрекеттерін тыяр емес. Шекарашылардың қатысуымен «Ямаха» маркалы қуатты моторы бар үш қайық ұсталды. Жалпы іс-шара басталған 1 сәуірден бері қарай табиғат қорғау ережесін бұзғандарға қатысты 173 қылмыс тіркеліп, браконьерлерден тоғыз тоннаға жуық балық тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы