378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

  • 139
  • UPD: 13:21, 17.04.2019
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, екіншісі ауруханаға түсті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 сәуір күні шамамен сағат 17:20-да Бөрлі-Ақсай жолының 15-шақырымында орын алды. Ақсайдан шыққан 1986 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалуына жол берген. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. 1992 жылғы ер адам Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне ес-түссіз күйінде жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, тірі қалған тұрғын келесі күні есін жиды. Қазір ол облыстық көпбейінді ауруханада емделуде.

Хабар 24 телеарнасы