379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда екі жасар қызын кепілге алған ер адам ұсталды

  • 114
  • UPD: 23:47, 17.04.2019

Қарағандыда 2 жастағы туған қызын кепілге алған ер адамды ұстау операциясы аяқталды. Куәгерлердің айтуынша, мұндай әрекетке отбасындағы жанжал себеп болған.

Ол сәбиге пышақ тақап, полицейлерден көлік сұратқан. Талабын орындатқан соң қызын машинаға салып алып, қаладағы орталық мешітке кеткен. Нысан маңайы толық қоршауға алынып, баланы құтқару операциясы жүргізілді. Қазір ер адам ұсталып, бала анасына табысталды.

Жаңатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Полиция қызметкерлерінің жедел ұйымдастырған операцияларының нәтижесінде 2-жасар қыз бала кепілдіктен құтқарылды. Ұсталған азамат полицияға жеткізілді. Операция кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Ер азаматтың неге мұндай іс-әрекетке барғанын тергеу анықтайды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 261-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы