378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК героин жеткізу арнасының жолын кесті

  • 242
  • UPD: 19:05, 18.04.2019
ҚР ҰҚК героин жеткізу арнасының жолын кесті

ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында оны заңсыз сақтауды және тасымалдауды жүзеге асырған ҚР азаматының заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.  

Атап айтқанда, 2018 жылғы тамызда ҰҚКД бұл азаматтың Ресей Федерациясының аумағында героин партиясын контрабандалық орын ауыстыруды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімет алды. 

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол Петропавл қаласынан шыққан кезде ұсталды. Оның автомашинасын тексеру барысында көлік құралында жасырылған 3,1 кг героин табылып тәркіленді. 

2019 жылғы 7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұсталған адам ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы