378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде маңындағы ауылда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

  • 171
  • UPD: 10:36, 21.04.2019
Ақтөбеде маңындағы ауылда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе маңындағы Құрайлы ауылында өрт салдарынан 76 жастағы әйел мен 56 жастағы ер адам қайтыс болды.

Оқиға 20 сәуірде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Құрайлы ауылындағы жеке үйдегі өрт туралы хабар сағат 11-де жеткен. Оқиға орнына дереу төрт арнайы техникасы мен жеке құрамның 16 адамы жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенше, үй толығымен жанып кеткен.  11:57-де, 13 минуттан соң өрт толығымен сөндірілді, сол жерден өртенген адамдардың денесі табылды. Болжаммен өрт жатын орында темекі шегуден шыққан. 

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы