384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 20 оқушы мен 1 мұғалім астан ұшынды

  • 908
  • UPD: 17:28, 22.04.2019
Ақтөбеде 20 оқушы мен 1 мұғалім астан ұшынды

Ақтөбеде мектеп асханасында тамақтанған 20 оқушы мен 1 мұғалім астан ұшынды. Қазір көпшілігі амбулаториялық ем алуды бастаса, екі жасөспірім ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жаман емес, медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы № 9 мектеп-гимназияға жедел тексеру жүргізіп, асхананың жұмысын уақытша тоқтатты. Балалар тамақтанатын орында азық-түлікті сақтау талаптары өрескел бұзылған. Тартылған ет пен тауық етінің сапасын растайтын құжаттары болмаған. Ал жеке кәсіпкер сәуір айының басынан бері санитарлық корытынды құжатынсыз жұмыс істеген.

Айсәуле Оралбаева, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір Ақтөбе қаласының әкімі мен қалалық білім бөлімінің басшысына хат дайындап жатырмыз. Директорға тәртіптік жаза қолдану туралы. Өйткені, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жеке кәсіпкер Наурызбаевқа жұмыс істеуге рұқсат берген.

Хабар 24 телеарнасы