379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды

  • 275
Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды yuga.ru

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олар 10 бас ірі қараны далалықта бос қалған қораға кіргізіп, сол жерде сойып, етін қаладағы базарларға жеткізген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Олардың Қобда және Алға аудандарында тіркелген мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Қазір 7 күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Көрсетілген азаматтар ұзақ мерзімде қараусыз еркін жайылымда жүрген малдарды ұрлаумен айналысқан. Көліктердің бірінің жүргізушісі әйел адам болған. Қазіргі кезде 5 мал ұрлығы дерегі анықталды. 8 адам ұсталып, олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы