378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мектепке жапсарлас салынған ғимарат құлады

  • 261
СҚО-да мектепке жапсарлас салынған ғимарат құлады

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласындағы нөмірі бірінші орта мектепке жапсарлас салынған ғимарат опырылып түсті.

Төтенше жағдай бүгін түнде болған. Апат кезінде шығуға арналған ғимаратының қабырғасы әу баста жарылып, уақыт өте келе шыдас бермеген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккендер жоқ. Қазір ол біржола алынып тасталды. Ол үшін 5 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір білім ошағында сабақтар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Ғимарат алдағы уақытта қайта қалпына келтірілетін болады.

Гүлмира Каримова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– 1971 жылы салынған болатын. Бүгінгі күні мектепте жұмыс тоқтатылған жоқ. Балалардың денсаулығына да ешқандай қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы