379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мектепке жапсарлас тұрған ғимаратты әдейі бұзған

  • 324
СҚО-да мектепке жапсарлас тұрған ғимаратты әдейі бұзған

СҚО-да тұрған мектептің апатты жағдайдағы жапсарлас ғимаратын әдейі бұзған.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 сәуір түнгі уақытта Тайынша қаласындағы №1 орта мектептің жапсарлас ғимараты бұзылып алынды. Оның жалпы аумағы 18 шаршы метр. Атқарылған жұмыстар балалардың мектепте оқуын жалғастыруына кедергі болған жоқ.

«Қыста ғимарат қабырғасында жоғарыдан төмен кеткен жарық пайда болды. Құзырлы мекемелер тексере келіп, жапсарлас салынған бұл ғимаратты бұзу туралы қорытынды шығарды. Ол жерде апат кезінде шығатын есік болған. Сондықтан күн жылынғасын оқу жылының аяқталғанын күтпей бұзып алу туралы шешім шығарылды», - делінген облыстық әкімдіктің ақпаратында. Еске сала кетсек, аталған мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысанның опырылып түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы