379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да алабұға балығы қырылып қалды

  • 413
  • UPD: 10:21, 29.04.2019

Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын көлдердің бірінде ұсақ алабұға қырылып жатыр.

Жағаға шығып қалған балықтарды жергілікті тұрығындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Осыдан соң  облыстық  табиғат қорғау прокуратурасы мен экологтар көлге барып жағдайды тексрегне. Ал шағын көлді жергілікті бір кәсіпкер жалға алғаны  анықталған. Ол жақында көлге өсіру үшін ұсақ шабақтар жіберген. Алайда кәсіпкер көлдегі балық осы шабақтар жіберген соң қырылды деген болжаммен келіспей отыр. Қазір қырылған балық биологиялық, ал көлдің суы химиялық сараптамаға жіберілді.

Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды өлтірді деген  күдікті  ұсталды. Ол 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны . Арнайы брифинг кезінде  күдіктіге қатысты біраз жағдай мәлім болды. Полицейлердің  мәліметі бойынша  отбасылы. Бұрын ұрлық дерегі бойынша да  істі болған.  Тергеп тексеру кезінде күдіктінің үйінен заттай айғақтар табылды. Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша күдікті кінәсін толықтай мойындаған. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім басынан жарақат алған болуы мүмкін. 37 жастағы азаматтың мұндай  жантүршігерлік әрекетті не үшін жасағаны әзірше  жарияланбай отыр. Егер оның қылмысы дәлелденсе 15-25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Арман Оразалиев, облыстық полиция департаментінің бастығы:

- Біз бірнеше күннен кейін барлығын айта аламыз.  Аталған дерек бойынша бірқатар сот медициналық сараптамалар кешені тағайындалды. Нәтижесі бір айдың көлемінде белгілі болады. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 99 бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі шаралар жүріп жатыр.

Өскемен қаласындағы Меновное кентінде 4 жолдың қиылысында қазылған орға жеңіл көлік құлап кетті. Ол қарсы бағытта келе жатқан Джип көлігін өткізген соң, бұрылып барып келесі жолға түспекші болғанда  аударылған. Көшеде қойылған бейнебақылауда көрініп тұрғандай жеңіл көліктің 4 дөңгелегі төбесіне қарап қалған.  Куәгерлердің айтуынша  жыраның тереңдігі 1,5 метрдей болады. Ал құтқарушылар 2-3 сағаттан соң келген. Көлік ішінде тек жүргізуші ғана болған. Ол басынан жеңіл жарақат алған.

Алматыда екі  жүк көлігі соғылып қалды. Оқыс жағдай Жандосов пен Сайын көшелерінің қиылысында болды. Екі ауыр көлік бірінің соңынан бірі келе жатқан. Тек бағдаршамының қызыл түсі жанғанда екінші  жүк көлінің тежеуіші дер кезінде істемей қалып жоғары жылдамдықпен келіп  алдындағы «Ховоның» артқы шанағына соғылған. Жол апатының салдарынан екінші Камаздың жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Семейде көпірден Ертіске секріп кеткен әйел құтқарылды. Қалалық полиция бекетінің кезекші бөліміне түскен хабар  бірден барлық патрульдік қызметтерге таратылады. Оқиға болған жерге  полицияның кіші лейтенанты  Аслан Бекаділов  жеткен. Ол судың суғы мен ағысына қарамастан ағып бара жатқан  әйелді жағаға алып шығады. Осы тұста патрульдік көлікпен басқа  әріптестері де көмекке келеді. Қазір құтқарылған  жастағы азаматша ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 1959 жылы туған азамат екені анықталды.

Павлодар облысындағы Железин ауданында табиғатты қорғау тобының инспекторлары   Ертіс өзеніне жақын  ауылдардың  маңынан  қармақты аумен балық аулаған екі азаматты ұстады. Барконерлер  балықты  аулауға тыйым салынған құралдарды қолданған.  Тексеру кезінде ешқандай рұхсат құжат көрсете алмаған. Олардан көксерке, ақтабан, алабұға сияқты  жалпы саламағы 50 келіге жуық балық пен  ұзындығы 50 метр 8 дана қармақты ау тәркіленді. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы