378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан-Петропавл жолында жеңіл көлік бір үйір жылқыны қағып кетті

  • 147
  • UPD: 11:10, 02.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл көлік тізгіндеушісі бір үйір жылқыны қағып, қырып кетті. Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан –Петропавл жолының 119 шақырымында болған.

25 жастағы жігіт түн қараңғылығынан жылқыларды көрмей қалғанын айтқан.  Бұл ақпаратты Ақмол облыстық полиция депратментінің баспасөз қызметі таратты. Көлік иесі- Ақкөл аудандық ауруханаға  жатқызылды. Басынан ауыр жарақат алған азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Ал жылқылардың иесі анықталып жатыр. 

Алматыда астыртын алкоголь шығарумен айналысқан цех анықталды. Жасырын қойманы Алматы облыстық экономикалық қылымысқа қарсы департамент қызметкерлері  әшкереледі.  Жедел тінту кезінде  800 ден астам құмыраға құйылған  арақ-шараптың бірнеше брендтік түрі мен 160 литр спирт және 2100 дана акциздік марканы тәркіледі. Алдын-ала болжам бойынша жасанды алкогольді ішімдіктер Алматы мен Алматы облысының аумағына арзан бағаға сатылып келген. Ал қолдан арақ-шарап жасағандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Солтүстіктің полицейлері Қазақстанның екі қаласында ғаламтор желісінде  алаяқтықпен айналысқандарды ұстады. Алматыда оқу оқып жүрген солтүстікқазақстандық жігіт жерлес досына хабарласып, шәкіртақы аударуға банк карточкасы мен жеке куәлігін жіберуді өтінген. Бір айдан кейін оның атына бірнеше несие алынғаны анықталған. Ал, Теміртау қаласының 36 жастағы тұрғыны бағалы заттарын жоғалтқан адамдарға қоңырау шалып, тауап алғаны үшін ақшалай сыйақы сұраған. Осыдан соң телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Қазір осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

Виталий Подчернин, облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

- Осы қылымыстан соң жалпы халыққа ешқашан ешкімге жеке  құжат және банкілік есеп-шот пен фотоларын  бермеулерін ескертеміз. Интернетте пәтер жалдауға және көліктің қосалқы бөлшегін   сатуға және сатып алуға қатысты күмән тудыратын келісімдерден бас тартқан дұрыс.  Егер ондай жағдайға тап болып алданып қалған адам ізін суытпай бірден жақын жердегі полиция бөліміне немесе бірден 102 хабарласқаны дұрыс. 

Алматыда  ішімідік ішкен бірнеше тұрғын  көше тазалап жүрген  үш азаматты соққыға жықты.  Екі жұмысшы жеңіл жарақаттанған. Олар медициналық көмектен бас тартқан. Ал үшінші адам ауруханаға жатқызылды. Соққыдан  денесінің біраз жеріне зақым келген. Жанжал  Мұстафин мен Рысқұлбеков  көшелерінің қиылысындағы аулалардың бірінде қоқыс   жәшіктерінің жанында болған.  Коммуналдық мекеме жұмысшыларын соққыға жыққан азаматтарды полицейлер бірден ұстап, уқытша тергеу изоляторына қамады.

Ақтауда белгісіз біреулер  «Мәңгілік алау» даңқ мемориалындағы тақтайшаларды  бүлдірмек болған.  Ескерткішті талқандамақ  болғандар сол жерге  спирттік ішімідіктің құмыраларын шашып кеткен.  Осы келеңсіздіктен соң облыстық полиция департменті  даңқ мемориалы күндіз-түні күзетілетінін хабарлады. Ескерткіштің маңына бейнебақылау камералары орнатылатын болды. Ал «Мәңгілік алауды» бүлдірмек болғандар іздестіріліп жатыр.

Өскеменде құрғақ шөпті қадағалусыз  жаққандықтан саяжай өртенді. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от 170 шаршы метр жерді жалмап үлгерген. Жалынды жылдам басуға желдің қатты болуы да кедергі келтірді. Дегенмен мамандар өрттің басқа нысандарға шарпуына жол бермей, сөндіріп үлгерді. Жалпы облыста жыл басынан бері 200-ге жуық өрт оқиғасы  болды.

Хабар 24 телеарнасы