378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

  • 143
  • UPD: 21:14, 02.05.2019

Құтқарушылар қызыл жалыннан 32 адамды құтқарды.

Оның ішінде 28 баланы ажалдан аман алып қалды. Ал жалпы 350 тұрғын қауіпсіз жерге көшірлді, деп хабарлайды бас қаланың Төтенше жағдайлар департаменті. Салдарынан 26 азамат улы газбен уланған. Өрт тұрмыстық электр құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін елемегендіктен шығуы мүмкі, деп топшылап отыр  мамандар.

Саят Қаженов, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- Өртке келу барысында 5 қабатты жатақхананың екінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метр. Жиһаз жанған. Өртті сөндіруге 18 техника және жеке құрамнан 66 адам жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы