378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда есірткі әзірлеумен айналысқан адам ұсталды

  • 195
  • UPD: 18:39, 03.05.2019
Павлодарда есірткі әзірлеумен айналысқан адам ұсталды

Павлодарда  есірткі заттарын жасаумен айналысқан  қала тұрғыны ұсталды.  Ол кәдімгі көкнәрды қоспалармен бұқтырып, есірткінің инемен салынатын түрін  жасаған. 

Арнайы операция барысында көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы  пәтерге полиция жасағы терезе арқылы кірді. Үйдің ішінде есірткіге тәуелді тағы бірнеше адам болған. Полиция департаментіне нашақорлар жиналатыны туралы ақпарат Қайырбаев көшесіндегі үйдің тұрғындарынан түскен. Олар көрші пәтерден үнемі ацетонның иісі шығатынын айтып шағымданыпты. Қамауға алынған пәтер иесі енді қылмыстық жазаға тартылады. Жыл басынан бері есірткіге  қатысты тіркеліп отырған бұл төртінші оқиға.

Нұржан  Байбуринов, қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі басшысының орынбасары:

- Күдікті өзі тұрып жатқан мекенжайда есірткі заттарын жасауды  кәсіп қылған. Оған қажетті қоспалар, «экстракциялық апиын» еркін саудаланады. Қазіргі кезде 297 бабтың 2 бөлімі,  есірткі заттарын дайындау және сату  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы