379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында дизель тасымалдаушы 8 вагон рельстен шығып кетті

  • 195
  • UPD: 10:47, 05.05.2019
Ақмола облысында дизель тасымалдаушы 8 вагон рельстен шығып кетті

Ақмола облысының Ақкөл станциясы аумағында жүк пойызының вагондары темір жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. 

5 мамырда сағат 01:55-те Ақмола облысының Нұр-Сұлтан теміржол учаскесіне қарасты Ақкөл станциясында жүк пойызының  8 вагоны теміржолдан шығып кетті (оның бесеуі аударылып қалды) және дизель төгілген. 

Оқыс оқиғаның тексеру үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Апат салдарын жою үшін Бурабай курорты мен Нұрсұлтан қаласының қалпына келтіруші және өрт сөндіруші пойыздары, сонымен қатар Ақкөл ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен өрт сөндіргіш машиналары тартылды. Апатқа вагонның (меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС) бүйір рамасының майысуы себепші болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Осы учаскедегі жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы штаттық режімде жүзеге асырылуда. Заңда қарастырылған тәртіп бойынша келтірілген шығынды жүк вагонының меншік иесін өтейтін болады. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы