379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

  • 189
  • UPD: 22:42, 09.05.2019
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Көкшетау маңындағы трассада жол апатынан қаза тапты.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, сағат 18.30-да болды. «Телефон арқылы хабар түсіп, онда Көкшетаудан 3 шақырым жерде, «Петропавл-Астана» автожолында 1974 жылы туған Көкшетау тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін асфальт төсегіш машинаға соғылғаны айтылды. Рульде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болды. Ол жол апаты салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы