379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жоғалып кеткен бозбаланың денесі табылды

  • 206
  • UPD: 16:28, 10.05.2019
ШҚО-да жоғалып кеткен бозбаланың денесі табылды

Осыдан бір ай бұрын ШҚО-ның Бородулиха ауданында 19 жастағы бозбаланың жоғалып кеткен болатын.

Бүгін Дмитрий Кимбаевтың өлі денесі табылғаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Дмитрий Кимбаев – Шемонаиха ауданы Убинка ауылының тұрғыны. 6 сәуір күні ол Сергей есімді досымен бірге Бородулиха ауданының Песчанка ауылына жолға шығады. Кешке қарай екі достың арасында жанжал туып, Дмитрий жалғыз өзі тас жолды бойлап кетіп қалған екен. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Жас жігітті бір ай бойы еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестірген болатын.

Бозбаланың өлі денесі Песчанка ауылының шет жағынан табылыпты. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Дмитрий Кимбаевтың қандай жағдайда қаза болғаны алдағы уақытта анықталады.

Хабар 24 телеарнасы