389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзеніне батқан 12 жастағы қызды құтқарып қалған жігіт суға кетті

  • 488
  • UPD: 16:37, 10.05.2019
Есіл өзеніне батқан 12 жастағы қызды құтқарып қалған жігіт суға кетті rusvesna.su

Бүгін елордада Есіл өзеніне батқан 12 жастағы қызды құтқарып қалған жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. Оның денесін толқын жағаға жақындатып, куәгерлер жағалауға алып шықты. Оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Осы ретте құтқарушылар қала тұрғындарына рұқсат етілген орындар мен арнайы жабдықталған жағажайларда ғана суға шомылу қажеттігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы