379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Алтай ауданында өрттен ер адам қаза тапты

  • 108
  • UPD: 18:20, 12.05.2019
ШҚО: Алтай ауданында өрттен ер адам қаза тапты

ШҚО-ның Алтай ауданындағы Путинцев ауылында бүтіндей бір отбасы қызыл жалынның ортасында қалды.

Өрт шыққан үйдің  көршілерінің  қырағылығы мен белсенділігі  арқасында 35 пен 62 жастағы екі әйел мен 14 жастағы бүлдіршін және 2 жасар бала аман қалды. Оларды тұрғындар  сыртқа алып шығып, жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізген.

Өкінішке орай, өрт сөндірушілер отқа оранған үйдің ішінен 1965 жылғы азаматтың мәйітін тапқан. 64 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге 2 цистерна қолданылып, 8 маман жұмылдырылды. Түнге таяу басталған жалын тек таңғы 5-ке таяу толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар департментінің қызметкерлері тілсіз жау элекр желісінің тұйықталуынан болуы мүмкін деп болжамдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы