379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 9 адам көз жұмды

  • 133
  • UPD: 14:28, 13.05.2019

«Алматы-Бішкек» тас жолының 109-шақырымында болған ірі жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапты.

Полицейлер берген алдын ала мәлімет бойынша «Лада» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.

Салдарынан автомобиль шетелдік көлікпен бетпе-бет соғылған. Жол апатынан ешкім тірі қалмаған.

Көз жұмғандардың аты-жөндері белгілі болды. Олар Алматы, Шымкент қалаларының және Түркістан, Алматы облыстарының тұрғындары.

 

Хабар 24 телеарнасы