378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардың алюминий зауытында жұмысшы көз жұмды

  • 186
  • UPD: 12:13, 13.05.2019
Павлодардың алюминий зауытында жұмысшы көз жұмды

Павлодарда алюминий зауытында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС-ның жұмысшысы көз жұмды.

Алдын ала болжам бойынша шлам құбырын монтаждау кезінде 59 жастағы ер адамды құбыр басып қалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан алюминийі» АҚ баспасөз қызметінің Instagram әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында орналасқан мәліметке сүйенсек, 2019 жылы 12 мамырда сағат 10:30-да Павлодар алюминий зауытының шлам алаңында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС-ның жұмысшысы қайғылы жағдайға ұшыраған.

«Зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар аймақтық еңбек басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Абылай Сабыров аталған факті бойынша тексеру басталғанын айтады.

«2019 жылғы 12 мамырда жұмысшы шлам құбырын монтаждау кезінде құбыр басып қалған. Бұл алдын ала болжам. Тергеу жүргізетін боламыз. Оқиға орнында барлығы тіркелді, тергеу жүргізілуде», - деді Абай Сабыров.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша ер адам өмірімен үйлеспейтін жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы