378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жарылыс салдарынан күйіп қалған екі адам көз жұмды

  • 113
  • UPD: 18:42, 13.05.2019
Түркістан облысында жарылыс салдарынан күйіп қалған екі адам көз жұмды

Түркістан облысының Сайрам ауданында газ балоны жарылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы он шақты адам жараланған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақсукент елді мекенінде болған. Гриль пешіне қойылған газ балоны оқыста жарылып, 30 шаршы метр аумақтағы қойма өртке оранған. Әйтеуір өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп үлгерген. Оқиға кезінде күйік шалған қалған бес жастағы бүлдіршін мен 51 жастағы азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. «Екеуі де ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денелерінің 95 процентін күйік шалған», – дейді дәрігерлер. Ақ халаттылар сондай-ақ жалпы 12 адамның жедел жәрдем көлігімен Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілгендігін айтады.  

Наурыз Манапов, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– Қазіргі таңда науқастардың жағдайы өте ауыр. Бүгінгі күнде екі науқас қайтыс болды. 4 науқас облыстық күйік орталығына ауыстырылды. Қазіргі таңда бір науқас бізде жатыр. Оның жағдайы орташа.

Хабар 24 телеарнасы