378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үйдің қабырғасы құлап, екі адам мерт болды

  • 96
  • UPD: 17:29, 13.05.2019
Шымкентте үйдің қабырғасы құлап, екі адам мерт болды inform.kz

Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалған. Салдарынан екеуі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 18:25- жеке нысанды бұзу кезінде орын алған. Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кеткен.

«Оқиға орнында 46 және 33 жастағы екі адам көз жұмды. Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы марқұм болғандардың денесін және бір зардап шеккен адамды құлаған қабырға астынан шығарып алған. Бұдан бөлек, тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер науқастардың бірі бас ми және сынық жарақатын алғанын айтады. Екіншісінде де бас-ми жарақаты мен ми шайқалуы анықталған. Сүйегі бірнеше жерінен сынған. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы