378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке күндері үш жасөспірім суға батып кетті

  • 94
Мереке күндері үш жасөспірім суға батып кетті

Елімізде шомылу маусымы басталмастан суға кету оқиғалары тіркеліп жатыр. Өткен мереке күндері үш жасөспірім суға батып кетті.

«9 мамыр күні Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылына жақын жердегі Шұқырсай көлінде 1999 жылғы бала суға кеткен.  11 мамырда Қызылорда қаласы маңында Қараөзек арнасына 14 жастағы жеткіншек батты. 11 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында Талғар өзенінде 2003 жылғы бала қаза тапты. Суға кеткен жасөспірімдер арнайы жабдықталмаған жерде шомылған. Ондай жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынады», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Хабар 24 телеарнасы