378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында конго-қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды

  • 119
Жамбыл облысында конго-қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды

Жамбыл облысында конго-қырым қанды безгегінен 10 жастағы жеткіншек көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет жұқтырған қыз бала Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен. Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастың Өзбекстаннан келгені белгілі болды. Мамандардың айтуынша, ол ел аумағына ауру күйінде өткен. Жалпы өңірде 48 елді мекен қырым қанды безгегінің табиғи ошағы болып есептеледі. Мамандар бүгінгі күнге дейін 38 мыңнан астам кене жинап, зерттеген екен. Нәтижесінде 109-ында аурудың белгілері анықталыпты. Айта кету керек, аймақта жыл басынан бері 481 адамды кене шаққан. Олардың барлығы қатаң бақылауға алынып, жіті тексеруден өткізілді.

Күмісбек Рахимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

– Мекенжайлары жоқ. Және олар – Өзбекстан азаматтары. Өзінің кеш қаралуына және аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оның көзін іздеу үшін сол аумақтың барлығынан кене жиналып тексерілді. Оның бәрі теріс мән берді.

Хабар 24 телеарнасы