378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда үшінші қабаттың терезесінен бүлдіршін құлап кетті

  • 107
  • UPD: 12:05, 14.05.2019
Ақтауда үшінші қабаттың терезесінен бүлдіршін құлап кетті NewTimes.kz

Бүлдіршін ағашқа құлап барып, жерге құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, ол сол себепті аман қалған.

Екі жасар қызды ауруханаға ата-анасы алып келген. Олардың айтуынша, қыз үшінші қабаттан құлап кеткен.

«Зардап шеккен баланың бас миы шайқалған, беті мен басында жарақаттар бар. Ата-анасы қызды ауруханаға шұғыл жеткізгендіктен, оны аман алып қалдық. Қазіргі уақытта бүлдіршін травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы жақсы», - деп хабарланды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы